Диагностика тарихы

      Облыстық кеңес-беру диагностикалық  орталығы 1992 жылы желтоқсан айында облыстық аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде ашылып, ал Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 28.07.1997 жылғы № 277 бұйрығымен оған дербес облыстық кеңес-беру диагностикалық орталығы мәртебесі берілді.

      Облыстық кеңес-беру диагностикалық орталығы өзінің заманауи диагностикалық  базасымен ғана емес, сондай ақ жаңа ақпараттық технологияларымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласында танымал, жетекші және қарқынды дамып келе жатқан медициналық мекемелердің бірі.Бұл Орталық ISO 9001 :2015.  халықаралық сапа принциптерін сәтті енгізіп және пайдаланып отыр.


Орталық қызметінің негізгі қағидаттары:

- қол жетімділігі

- қауіпсіздігі

- пациентке бағыттылық

- сенімділік

- кәсіптілік

- кешенділігі

- медициналық көмек көрсетудегі сабақтастық

- қызметкерлердің білімдерін тұрақты жетілдіру және орталық базасын жаңғырту.


      Жеке әдістемелер мен бағдарламаларды және медициналық ғылымның соңғы жетістіктері мен тәжірибені  ұштастыру біздің орталықтың ең басты мақсаттарын орындауды  қамтамасыз етуге- науқастарға жоғары сапалы диагностикалық және қауіпсіз медициналық қызмет көрсетуге көмектеседі.

      Бүгінде диагностикалық орталық, бұл – сегіз диагностикалық бөлімдер (ересектерге кеңес беру бөлімі, балаларға кеңес беру бөлімі, рентген және компьютерлік диагностика бөлімі, УДЗ  және функционалдық диагностика бөлімі, эндоскопиялық диагностика бөлімі, клиникалық-диагностикалық зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі, стоматология бөлімі, сондай- ақ күндізгі стационар  және үш профилді орталықтар ( гепатологиялық орталық, сурдологиялық орталық, ерлерді сауықтыру орталығы).

Орталықпен 370-тен астам түрлі зерттеулер жүргізіледі, олардың ішінен 42- зерттеу облыс бойынша тек біздің орталықта ғана орындалады.

     Облыстық кеңес-беру диагностикалық орталығы – бұл облыстың амбулаториялық-емханалық ұйымдары үшін ұйымдық-әдістемелік орталығы, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерінің мамандары мен  оқу орындарының студенттері үшін  даярлау базасы.

Медициналық қызметтерді көрсетудің сапасы мен тиімділік деңгейі бірінші кезекте мамандардың біліктілігімен анықталады.

Орталықтың  мамандарының әлеуеті өте жоғары , бұл деректер дәрігерлердің 80 % біліктілік санаттары  болуымен  расталады. Орталықта 2 медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс істеді, 6 қызметкер "ҚР денсаулық сақтау ісінің Үздігі"деген жоғары атаққа ие.      Біздің орталықтың қызметкерлері "Жылдың үздік дәрігері"облыстық конкурсының жеңімпаздары болып табылады. Көптеген мамандар ТМД елдерінде және шет елдерде  оқытылып,  олармен ондаған жаңа диагностикалық зерттеулер енгізілді.

Қызметкерлердің жұмысына қолайлы жағдайлар жасалуы үшін ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастары ұжымдық шартпен реттеледі, ол орталық жұмысының  тұрақтылығы мен тиімділігін және қызметкерлердің тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге,  сондай-ақ тараптардың ҚР еңбек заңнамасы  орындалуы үшін  өзара жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

 
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.