» » Тәуелсіздік күні карсаңында кәсіби борышын атқарған кезде қаза болған дәрігерлер «Құрмет» орденімен марапатталды

Тәуелсіздік күні карсаңында кәсіби борышын атқарған кезде қаза болған дәрігерлер «Құрмет» орденімен марапатталды

Тәуелсіздік күні карсаңында кәсіби борышын атқарған кезде 2017 жылғы қазанда әуе апатында қаза болған Кардиология және ішкі аурулары ғылыми зерттеу институтының дәрігер-реаниматологы Жәнібек Артықбаев, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының  акушер-гинеколог дәрігері Талғат Патсаев «Құрмет» орденімен марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов наградаларды Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында профессор Жәнібек Артықбаевтың ұлына және профессор Талғат Патсаевтың жұбайына табыстады.

Екі талантты дәрігердің туыстарына мемлекеттік награданы табыстап, Елжан Біртанов, ежелден денсаулыққа қорған болған адамдар ерекше құрметке ие болған, деді. «Медицина қызметкерлерінің жұмысы аяушылықты және барлық игі адами қасиеттерді талап етеді. Осындай қасиеттер өздерінің азаматтық және кәсіби борышын атқарған кезде қаза болған екі әріптестеріміздің бойларында да бар еді. Жәнібек Артықбаевтың және Талғат Патсаевтың есімдері тек медицина қауымдастығы арасында ғана емес, денсаулығы мен өмірлерін құтқаруға, балаларды өмірге әкелуге, аналардың өмірін сақтауға көмектескен мыңдаған отандастарымызға да белгілі. Әріптестер, жанында болған адамдар олардың таңдаған мамандықтарына адалдығын және жоғары кәсіптілігін атайды. Олар әлі де талай пациенттерге қамқор болар еді, бірақ өмірлері үзіліп кетті. Дегенмен біздің жадымызда таза, тамаша адам, абзал жан болып қалады», - деп сөзін аяқтады министр.

Еліміздің бас мерекесі алдында денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосқан  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, мемлекеттік органның ведомстволары, ведомстваға қарасты ұйымдардың, өңірлердің медицина мекемелерінің қызметкерлері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Сондай-ақ, бірқатар адамдарға ҚР «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілері, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы және Алғысы табысталды.


Сілтеме: Денсаулық сақтау министрлігі
15 желтоксан 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.