» » Астанада Орталық Азия елдеріндегі туберкулезге трансшекаралық бақылау жүргізу мәселелеріне арналған үшінші кездесу өз жұмысын бастады

Астанада Орталық Азия елдеріндегі туберкулезге трансшекаралық бақылау жүргізу мәселелеріне арналған үшінші кездесу өз жұмысын бастады

017 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 7 желтоқсаны аралығында Астанада «Көші-қон және туберкулез: туберкулезге шекаралық бақылау жүргізу және Орталық Азия аймағындағы туберкулезге қарсы көмек» атты үшінші өңірлік жоғары деңгейдегі кездесу өтуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Project HOPE, сондай-ақ, ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күресу жөніндегі жаһандық қор (ЖҚ) және АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі ұйымдастырып отырған бұл іс-шараға Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары, туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламалардың және көші-қон органдарының өкілдері, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары, сондай-ақ, «СТОП ТБ» серіктестігінің, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері, Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық қоғамдарының федерациясы, азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.

Аталмыш кездесу ҚР-ның 2014-2020 жылдарға арналған Туберкулезге қарсы күресу жөніндегі кешенді жоспарын және де «Қазақстан Республикасындағы еңбекші мигранттар арасындағы туберкулезге, дәріге көптеген және кең төзімділігі бар туберкулезге, ЖИТС-ке шекаралық бақылау жүргізу жөніндегі іс-шаралар» атты бағдарламаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Жоғары деңгейдегі бірінші және екінші кездесу туберкулезді диагностикалау және емдеуге арналған аймақтық үйлестіру және өзара әрекеттесу тетіктерін дайындау мақсатында 2015 жылдың қарашасында және 2016 жылдың желтоқсанында өткізілді.

Үшінші кездесу екінші жылға арналған Әрекеттер жоспарының/Жол картасының орындалу барысын және ДДСҰ-ның «Туберкулезді жою» стратегиясын ендіру аясындағы қадамдарды талқылауды көздейді.

 «ҚР-ның 2014-2020 жылдарға арналған Туберкулезге қарсы күресу жөніндегі кешенді жоспарында мигранттарға көрсетілетін туберкулезге қарсы қызметті жақсарту шаралары және осы мәселе аясында Орталық Азиядағы көршілес елдермен аймақтық диалогты орнату қарастырылған. Диалог барлық мүдделі тараптардың кеңінен ат салыса отырып, өзара тиімді қатынас құруы негізінде жүргізілуде. Аймақтағы туберкулезді емдеу, алдын алу және оған шекаралық бақылау жүргізу аясындағы аймақтық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру тұрғысынан алғанда екіжақты мәмілелерге қол қою үлкен маңызға ие», - дейді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова.

 «Қазақстан – туберкулезге қарсы күрес жүргізу мәселелеріне зор көңіл бөліп отырған елдердің бірі. Осы дертке шекаралық бақылау жүргізу бойынша аймақтағы көшбасшыға айналып отыр. Қазақстандағы туберкулезге қарсы күресу жөніндегі кешенді жоспар еңбекші мигранттарды емдеу және диагностикалау шараларын қолжетімді етуге ғана емес, сонымен бірге, осы мәселе аясында аймақтық диалогты орнатуға бағытталған. 2014 жылдан бастап Жаһандық қордың қаржылық қолдауымен Project HOPE осы кешенді жоспарды қолдауға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Денсаулық сақтау министрлігі және ұлттық серіктестердің қолдауы арқасында біраз іс тыңдырылғанын атап өткім келеді. Нәтижесінде аймақтағы елдер арасында тиімді диалог орнатылды, ал алдағы уақытта екіжақты мәмілелерді жасасу арқасында өңірде туберкулезге қарсы күрес жүргізудің ұзақ мерзімді тетіктерін ендіру мүмкін болмақ», - деп атап өтті Project HOPE ұйымының Еуропа және Еуразия елдері бойынша аймақтық директоры Мариам Сианозова.

Кездесудің пленарлық мәжілісінде мигранттар арасында туберкулезге бақылау жүргізу кезіндегі ҚР Кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы, келесі жылға арналған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы еңбекші мигранттар арасындағы туберкулезге, дәріге көптеген және кең төзімділігі бар туберкулезге, ЖИТС-ке шекаралық бақылау жүргізуге арналған іс-шаралар» бағдарламасын сыртқы бағалау нәтижелері және болашаққа арналған ұсыныстар ортаға салынады. Сарапшы-кеңесшілер аймақтағы туберкулезге қарсы шекаралық бақылау жүргізудің нәтижелеріне қатысты түсініктеме беріп, ары қарайғы қадамдарға қатысты өз ұсыныстарымен бөліседі.

Жұмыс топтарының мәжілістерінде мигранттарға арналған медициналық қызметтерді қолжетімді ету, туберкулезге қарсы мемлекеттік қызмет құрылымдарының және азаматтық қоғамның сектораралық өзара әрекеттесуі және әрекеттерді үйлестіру мәселелері қарастырылмақ.

Кездесу қарарында туберкулезге шекаралық бақылау жүргізу аясында алдағы уақытта өткізілуі тиіс жұмыстар жөнінде ұсыныстар жинақтап қорытылады деп жоспарланған.


Сілтеме: Денсаулық сақтау басқармасы
06 желтоксан 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.