» » Алматыда Бірінші Ұлттық конференция барысында сарапшылар туберкулез бен АИТВ инфекциясын бақылау бойынша мәселелерді талқылады

Алматыда Бірінші Ұлттық конференция барысында сарапшылар туберкулез бен АИТВ инфекциясын бақылау бойынша мәселелерді талқылады

2017 жылғы  4 желтоқсанда Алматы қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні шеңберінде бірлескен туберкулез бен АИТВ инфекциясын (бұдан әрі – ТБ/АИТВ) интеграциялық бақылау бойынша бірінші Ұлттық конференция өз жұмысын бастады.  

 Шараны ұйымдастырушылар: ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу Жаһандық қорының және АИТВ инфекциясын зерттеу бойынша қауымдастығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және Республикалық ЖИТС орталығы.

Аталған конференцияны өткізу мақсаты: республикада бірлескен ТБ/АИТВ инфекцияны тиімді бақылауға қол жеткізу үшін туберкулезге қарсы қызмет, ЖИТС, наркологиялық және басқа да мүдделі қызметтер арасында халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындарының қатысуымен тұрақты интеграцияны қамтамасыз ету.

Қазақстанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 2,4 есеге:  2007 жылда болған 126,4-тен  2016 жылы 100 мың адамға шаққанда 52,7-ге дейін, яғни 19 572-ден 9381 адамға   азайған. Ал, өлім-жітім көрсеткіші 5,3 есеге: 2007 жылда болған 18,1-ден 2016 жылы 3,4-ке, яғни, 2800-ден 607 адамға азайған. АИТВ-инфекцияларының және ТБ/АИТВ бірлескен инфекциясы жағдайларының өсімі аңғарылады.

Сонымен қатар, туберкулезді жылдам диагностикалау әдістерін енгізудің, туберкулезге қарсы қызмет пен ЖИТС қызметін интеграциялау, мамандарды оқыту арқасында соңғы 5 жылда бірлескен ТБ/АИТВ инфекциясынан болатын өлім жітімді  1,4 есеге (2012 жылы болған 1,5-тен 2016 жылы 1,1-ге) төмендетуге мүмкін болды. Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қарашасында бірлескен ТБ/АИТВ инфекциясына шалдыққан 637 науқас тіркеуде тұр.    

ТБ/АИТВ инфекциясының бірлесуі екі аурудың клиникалық танылуының әр алуандылығымен сипатталады. Сондықтан, оларды дер кезінде диагностикалау және тиімді емдеу қиындықтар туғызып, аллдын алу шаралары көпқырлы тәсілдемені талап етеді.   

Осыған байланысты, ауруға шалдыққан жандарды тарта отыра, «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» атты мемлекетік және мемлекеттік емес ұйымдар серіктестігі құрылуда.

Конференция қоғам назарын әлеуметтік маңызы бар ауруларға, туберкулезге, АИТВ-ға және олардың бірлескен ағымына және туберкулез бен АИТВ ауыртпалығын азайтуға аударуды көздейді.

5 желтоқсанда Конференция өз жұмысын жалғастырады. 


Сілтеме: Денсаулық сақтау министрлігі
04 желтоксан 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.