» » Өскеменде республикалық семинар аясында АИТВ, орынбасушы қолдау терапия мәселелері талқыланды

Өскеменде республикалық семинар аясында АИТВ, орынбасушы қолдау терапия мәселелері талқыланды

20 және 21 қараша аралығында Өскемен қаласында Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Денсаулыққа құқық» ұранымен өтіп жатқан бүкіләлемдік кампания шеңберінде «Бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ, орынбасушы қолдау терапия мәселелерін жариялау» тақырыбында журналистер үшін екі күндік семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы.

Республикалық тренинг барысында Астана қаласының, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының және басқа өңірлерден келген журналистер АИТВ пен ЖИТС-тің медициналық аспектілерімен танысты.

Орынбасушы қолдау терапияның медициналық аспектілері тақырыбында сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Юрий Бауэр орынбасушы қолдау терапиясы әлемде 1960 жылдардың аяғынан бері қолданылып келе жатқанын атап өтті. Оның көптеген елдерде қолданылуы пациенттерге тыйым салынған героиннен бас тартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде бұл терапия АҚШ, Канада, Австралия, Китай, Үндістан, Иран және тағы басқа елдерде пайдаланылады.

Юрий Бауэр емдеудің негізгі мақсаттарын айтып өтті. Ол - есірткіні пайдаланушыларға заңсыз өткен есірткіні тұтынбауға көмектесу, оларлың денсаулығын жақсарту, инъекциялық есірткінің салдарын (мөлшерден тыс тұтыну, АИТВ-инфекциясын, «С» және «В» гепатиттерін жұқтыруды) болдырмау, туған-туысқандарымен қарым-қатынастарын жақсарту, оқуға және жұымыс істеуге мүмкіндік алу.

Журналистер облыстық наркологиялық диспансерінің орынбасушы қолдау терапияның пунктінде болып, пациенттер мен медициналық персоналмен және ҮЕҰ-дың өкілдермен кездесті.

Әңгімелесу барысында орынбасушы қолдау терапия бағдарламасына қатысушылар өз ойларын ортаға салды:

Виталий Петров, 47 жаста, мен есірткіні 1991 жылдан бері тұтынып келемін, ол кезде мен 26 жаста едім. Ұрлыққа бардым, бір доза сатып алу үшін 4-5 мың теңге табу үшін үйден бәрін таситынмын. 6 рет сотталдым. Бағдарламаға біріншілердің бірі болып 2010 жылы келдім. Қазіргі кезде  жұмыс істеймін, азаматтық некеде тұрамын, балалы болғымыз келеді. Қазір тіптен ішімдік те ішпеймін.

Олег, 22 жастан есірткіні тұтынамын. Түрмеде отырдым. Бірнеше рет есірткіні тұтынуды тастағым келді, емделдім, бірақ түк шықпады. 2,5 жыл ішінде бағдарлама нақты көмектесті. 10 келіге толдым. Жұмыс істеймін, әрі волонтермін. Анам, жұбайым, балаларым бар. Анам, мен енді ғана өмір сүре бастадым дейді. Бақытыма, ересек ұлым менің жолыммен жүрмей, тренер болып спортпен шұғылданады.

Людмила Егоровна, есіркінің салдарынан мен ұлымды жоғалтып ала жаздадым. Колонияда туберкулез ауруына шалдықты. Қазір 42 жаста, есірткіні 1990 жылдан бері тұтынады. Бағдарламада 2 жыл. Мен енді ғана тыныш ұйықтай бастадым.

Сергей, 40 жаста, мен кезекті доза үшін адамды өлтіруге дейін бардым. Есірткі тұтынған барлық достарым қайтыс болды. Бағдарламаға 2011 жылы кірдім. Бүгін менің өмірім мүлде өзгерді.

Виталий, мен анаша тұтынудан бастадым. АИТВ-инфекциясына, «С» гепатитіне шалдықтым. Бағдарламаның арқасында мүлде басқа адам болдым. Қазір сүйікті  адамым бар, сонымен бірге тұрамын.    

Сергей Щетников, «Ансвер» ҚҚ кеңесшісі, мен де есірткіні тұтындым, бағдарламада болдым, бүгін ештеңе тұтынбаймы. Біздің қоғамдық ұйымның қызметі АИТВ-пен өмір сүретін, есірткіні тұтынатын, сотталған, сотталып келген адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Оларға жұмыс тауып беруге көмектесеміз, оқытамыз.


Сілтеме: Денсаулық сақтау министрлігі
21 қараша 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.