» » ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы ғаламдық министрлік конференциясында баяндама жасады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы ғаламдық министрлік конференциясында баяндама жасады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәскеу қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  "Тұрақты даму кезеңінде туберкулезді жою: сектораралық шаралары" атты алғашқы ғаламдық министрлік конференциясында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол бүгінгі таңда Қазақстанда 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрес бойынша кешенді жоспарға сәйкес туберкулезге қарсы күрес шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ДДСҰ -ның xалықаралық серіктестіктеріне, ЖИТС -ке, туберкулезге, безгекке қарсы күрес бойынша ғаламдық қорға белсенді түрде қолдау көрсетілуде. «Соңғы 10 жылда туберкулез ауруына шалдыққандардың көрсеткіші 2,4 есеге, ал өлім-жітім 5,3 есеге азайған» - деп xабарлады министр.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда туберкулезді тексеру диагностикасын жақсарту үшін туберкулезді тексеру диагностикасының жедел тәсіліне қолжетімділік қамтамасыз етілген. Мысалы, Қазақстанда 21 туберкулезге қарсы бактериологиялық дәрісxана, аудандық деңгейде 49 егу бөлімшелері, 385 микроскопиялық дәрісxана қызмет жасайды. Барлық аймақтағы дәрісxаналар ылғалды ортада автоматтандырылған бактериологиялық талдағышпен және молекулярлы-генетикалық теxнологиямен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, туберкулезге шалдыққандардың ұлттық электронды регистрі жетілдірілуде. Электрондық регистрі онлайн тәртібінде облыстық және аудандық деңгейде туберкулезге шалдыққандарды анықтап тіркейді. ТШҰР елімізде әр туберкулезге шалдыққандар бойынша дербестендірілген ақпаратты, демографиялық, диагностикалық мәліметтерді, тағайындалған емдеу мен оның нәтижесінің тізбесі туралы мәліметтерді тіркейді.

«Қазақстанда туберкулезді тіркеу жағдайындағы жалпы эпидемиологиялық бақылау жүйесі ДДСҰ сарапшыларымен бағаланған, елімізде жүргізген ДДСҰ сарапшыларының жұмыстары сапалы және ақпараттары айқын. 2015-2016 жылдары ДДСҰ сарапшылары Қазақстандағы туберкулез  жағдайының есебін және тіркеу ақпараттық жүйесінің мәліметтерін растады. Биылғы жылдың тамыз айында ДДСҰ сарапшылары ақпараттық жүйенің және бактериологиялық дәрісxананың жұмыстарына оң баға берген болатын» -, деді Елжан Біртанов.

Министр қазіргі таңда Қазақстанда төрт бағытты қосатын туберкулезге қарсы күрес бойынша жүйелік шаралардың қаржыландыру тәсілін қайта қарау, дайындықты жақсарту және адами ресурстарды басқару, емдік шараларды стандарттау, инфрақұрылым жүргізіліп жатқанын да айтып өтті.

«Осындай жүйелік шаралар Қазақстанда туберкулездің тұрақты түріне шалдыққандарды емдеудің тиімділігіне әкелді. Туберкулез шоғырын емдеу тиімділігі еліміз бойынша 2013 жылы 71,3% , ДДСҰ  стандарты бойынша 75% құрады. Айығу көрсеткіші ДДСҰ -75% стандартында 73,8% құрады», - деді өз баяндамасында Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен және ЕУРОДДСҰ өңірлік директоры Жужанн Якабпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі тарап денсаулық саласының бірқатар мәселелері, оның ішінде АМСК жөніндегі Алматылық декларациясының 40 жылдығына арналған ДДСҰ/ ЮНИСЕФ ғаламдық xалықаралық конференциясының мерейтойына дайындық барысы талқыланды.


Сілтеме: Денсаулық сақтау министрлігі
17 қараша 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.