» » Денсаулық сақтау министрлігі байқау жариялайды

Денсаулық сақтау министрлігі байқау жариялайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік балалар күнін атап өту аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, «Болашақ медицинасы» тақырыбына байқау жариялайды.

5-18 жас аралығындағы  балаларды «Болашақ медицинасы» тақырыбында үздік эссе немесе бейнеоролик (1-2 мин) әзірлеп, байқауға қатысуға шақырамыз. Шығармашылық жұмыстар 2017 жылғы 21 қараша сағат 12.00-ге дейін қабылданады. Үздік нәтижелер 2017 жылғы 21 қарашада жарияланады.  Бас бәйге – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесуге шақыру және Астана қаласындағы таңдаулы республикалық медициналық ұйымдардың біріне экскурсия.

Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі барлық жұмыстарды minzdrav2017@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.  Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 7172 742958.


Сілтеме: Денсаулық сақтау министрлігі
16 қараша 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.