» » Дәрілік заттарды сатып алу алдында Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютордың тендерлық комиссиясын нығайтты

Дәрілік заттарды сатып алу алдында Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютордың тендерлық комиссиясын нығайтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша  2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлық комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.

Рәсімдердің анағұрлым ашықтықтығын қамтамасыз ету және тендерлық комиссия мүшелерінің  төрағаға лауазымдық бағынушылығын болдырмау мақсатында  бірыңғай енді комиссия Бірыңғай дистрибьютор құрылғаннан бергі  уақыт ішінде алғаш рет комиссия құрамына ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Төрайымы  Людмила Бюрабекова, медициналық көмекті ұйымдастыру  комитетінің қызметкерлері  еніп отыр.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін ҚР Үкіметінің №1729 Қаулысына сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың тендерлық комиссиясын «СК-Фармация» басшысы, Басқарма Төрағасының м.а. Әсемгүл Ержанова басқарады.

Бұл ретте 8 қарашадағы бұйрыққа сәйкес  тендерлық комиссия төрайымының орынбасары болып ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Төрайымы  Людмила Бюрабекова тағайындалды.

Бұдан бөлек,  тендерды өткізудегі ашықтық пен жариялылықты  қамтамасыз ету мақсатында  Бірыңғай дистрибьютордың тендерлық комиссиясының барлық отырыстарына қатысатын тендерлық рәсімдер бақылаушыларының құрамы кееңйтілген. Енді бейінді қауымдастық пен ҚРІІМ тыл департаменті медициналық басқармасының  өкілдерінен басқа, бақылаушылар  санатына «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы»  бас директорының бірінші орынбасары Арнур Нуртаев енді. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің қызметкерлерімен де тендердағы сараптамалық комиссия құрамы нығайтылған.

3 қарашада 2018 жылы Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлық рәсімдерге қатысқан Әлеуетті өнім берушілер өтінімдерінің конверттерін  ашу рәсімі өткізілгендігін еске сала кетейік. Енді 20 қарашаға дейін  тендерлық комиссия өтінімдермен танысып, ұсынылған құжаттамаларға ескертулер жасайды, содан  кейін компаниялардың оны түзетуге мүмкіндік беріледі. 


Источник: Минздрав
09 қараша 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.