» » Алматыда Ресей, Литва, Украина және Қазақстанның жетекші мамандары шұғыл хирругиялық көмектің өзекті мәселелерін талқылауда

Алматыда Ресей, Литва, Украина және Қазақстанның жетекші мамандары шұғыл хирругиялық көмектің өзекті мәселелерін талқылауда

2 қарашада Алматыда «Шұғыл хирургиялық көмектің өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстандық хирургтар қоғамының І Съезі шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы Ресей, Литва, Украинаның 40-тан астам жетекші мамандары мен 300-ден астам отандық хирургтар мен анестезиологтардың қатысуымен өз жұмысын бастады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, «Қазақстандық хирургтар қоғамы» РҚБ.
Съездің мақсаты - хирургиялық профильдегі мамандардың бірлесіп қызмет етуіне, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасындағы шұғыл хирургияның өзекті мәселелеріне назар аудару және халықаралық тәжірибені ескеріп, мәселенің шешу жолдарын қарастыру.
Съезд барысында хирургтардың күнделікті жұмысындағы өзекті мәселелер – асқазан-ішектен қан кетуін, деструктивтік панкреатитті, механикалық сары ауруды, кеуде мен ішкі ағзалардың жарақаттарын, сыни жағдайларын (шок, сепсис) диагностикалауда және емдеуде бірыңғай тәсілдерді енгізуден және ауруларға көмек көрсетуді ұйымдастыруынан бастап инновациялық технологияларға, гепатопанкреатобилиарлық аймағының ауруларын жедел емдеудің замануи әдістеріне дейін қамтитын кең ауқымды мәселелер қарастырылды.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар хирургиялық тәжірибені жас мамандар мен аудандық деңгейдегі дәрігерлерге жеткізе отырып, ғылыми жетістіктердің өзекті мәселелері жайында ақпаратпен алмасты. Съезд жұмысына қатысудың арқасында Қазақстанның барлық аймағынан келген мамандар шетелдік сарапшылардың тәжірибесін ары қарай клиникалық практикада қолдана алады.
Қазақстандық хирургтар қоғамының І Съезі мамандар арасында тәжірибе алмасу мен өзара әрекеттестік орнатуға, жаңа медициналық технологияларды жетілдіруге, еліміздің тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапалылығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.
Аталмыш форум Қазақстан хирургтарының кәсіби өмірінде елеулі оқиғаларының біріне айналды.
3 қарашада Съезд өз жұмысын жалғастырды.

Источник: Минздрав 
03 қараша 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.