» » ДСМ-де халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

ДСМ-де халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін Надежда Петухованың төрағалық етуімен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен аумақтық департаменттерінің, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және ҚР МҚІСЖҚІА-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері қатысты.

Отырыста Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ведомствода жүйелі шараларды қабылдау мәселелері жөніндегі есебі тыңдалды. Бекшиннің айтуынша, Комитет 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Министрліктің 2017 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуде.

Комитет төрағасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің негізгі аймақтары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге байланысты бұзушылықтар, субъектіге тексеру жүргізу кезінде бұзушылықты жасыру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сияқты ведомствоның қызметіне байланысты емес бұзушылықтар және қаржы-шаруашылық қызметтегі бұзушылықтар болғанын хабарлады.

«Бизнесті қайта реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар лауазымды адамдар тарапынан ерекше тәртіп бойынша тексерулерден босату және берілетін рұқсат құжаттарын, санэпидқорытындылар санын қысқарту жолымен субъектілердің қызметіне араласуды азайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Бекшин. Одан басқа, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекел дәрежесі жоғары объектілер тізбесі 42-ден 12 түрге қысқарды. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің 56%-ы хабарлама тәртібімен жұмыс істейтін эпидемиялық маңыздылығы елеусіз топқа ауыстырылды (74 мың объекті).

Жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету мақсатында Комитет тексерулерге және олардың санын қысқартуға жалғыз балама болатын Санитариялық-эпидемиологиялық аудит институтын құруға бастама жасады. 2016 жылғы ақпаннан бастап аудиторлар 4,5 мың объектіні немесе тәуекел дәрежесі жоғары объектілердің 10 %-ын тексеруден босатты.

Бизнесті қайта реттеу процесінің мемлекет, сонымен бірге кәсіпкерлік, сондай-ақ тұтынушылар мүдделерінің сақталуын ескере отырып, халықтың қауіпсіздік және жайлылық деңгейін төмендетусіз өтетінін айта кету керек. Ағымдағы жылдың басынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау, білім беру және көрсетілетін қызметтер саласындағы 29 ескірген және қайталанатын санитариялық қағидалардың күшін жойды.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, сауда саласында камералдық бақылау және өнімді сатып алу жүргізілуде, яғни сапасыз өнім анықталған объектілер ғана тексеріледі. Ерекше тәртіп бойынша бақылаудың осындай балама нысандарын енгізу есебінен тексерулер саны 2 есеге дейін қысқарды.

Сонымен қатар, бизнесті тексерулер саны 1,7 есеге қысқарды, бұл 1500 денсаулық сақтау объектісін және 400-ден астам зертхананы бақылаудан шығаруға мүмкіндік берді. Қабылданатын шаралар бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту және кәсіпкерлердің шығынын қысқартуға ықпал етеді. Соңғы екі жылда осындай шаралар берілген рұқсат құжаттарының санын эпидмаңыздылығы бойынша тәуекелдерді қайта сыныптау есебінен 2 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. 2017 жылдың 9 айы ішінде рұқсат құжаттарының саны 15 %-ға қысқарды.

Тексерулер парақтарына қатысты барлық тексерілетін объектілерге 83 тармақтан тұратын 1 тексеру парағы бекітілген болатын, онда қоғамдық тамақтану, өнеркәсіптік объекті немесе денсаулық сақтау объектісі және т.б. қызметтің түрін есепке алмастан, 11 мыңға дейін сілтемелік талаптар болды. Осындай жағдай тексеру субъектілерінің бақылаушы орган алдында өздерін әлсіз сезінуге алып келді және санэпидқадағалау органдарының бақылау жүргізуі кезінде белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәеуекелдері болды. Осыған байланысты, субъектілердің (объектілердің) атауы бір топтарына қолданылатын жекелеген тексеру парақтары әзірленіп, бекітілді. Осы ұсынымдарды іске асыру үшін қызмет салалары бойынша 41 тексеру парағы қабылданды. Тексеру парақтарындағы талаптардың 6,3 есеге қысқарғанын (11000-нан 1740-қа дейін), процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігіне әсер ететін талаптарды ғана қамтитынын атап өту қажет.

Жалпы Комитет және оның аумақтық бөлімшелері 13 мемлекеттік қызметті көрсетеді, оның 7-уі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, 6-уы медициналық қызмет саласында. Көрсетілген 13 мемлекеттік қызметтің 12-сі автоматтандырылған, ағымдағы жылдың қазанынан бастап көрсетілетін 1 қызмет автоматтандырылған жоқ. Оны толық автоматтандыру 2018 жылдың 4-тоқсанында қарастырылуда. Сонымен қатар, рұқсат құжаты ретінде көрсетілетін қызметтің 2 түрі қысқарды: тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті беру.  

«Мониторинг» интеграцияланған ақпараттық жүйесі» кіші жүйесіне келіп түсетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған өтініштер санын анықтау үшін Комитет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп ай сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі деректеріне салыстыру жүргізеді.

2017 жылдың 9 айы ішінде берілген рұқсат құжаттарының саны 15 %-ға қысқарды. Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетпеу фактілері бойынша анықталған бұзушылықтар саны 36 жағдайға қысқарды. Ағымдағы жылы шағымдар санының өткен жылға қарағанда 1,5 есеге азайғанын айта кету қажет. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың оң нәтиже беріп жатқанын дәлелдейді.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин қайта реттеу шеңберінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен (ҚСжАЕК) бірлесіп ІІМ-нің аналогиясы бойынша жергілікті жерлерде инспекторлардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол Кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграциялауды көздейтінін мәлімдеді.

Дербес планшеттер арқылы онлайн режимде тексеруді тіркеу, шығу және тексеру парақтарын толтыру, тексеру жүргізу кезінде инспекторлар жұмысының айқындылығын қамтамасыз етеді және сонымен бірге тексеру нәтижесін түзету мүмкін болмауына байланысты сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмайды, сондай-ақ тексеруді тіркеуге және оның нәтижесін ҚСжАЕК-де ресімдеуге кететін уақытты қысқартады. Ағымдағы жылдың желтоқсанынан бастап осы жобаны Комитеттің барлық аумақтық органдарында іске қосу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында департаменттердің басшыларына ай сайын халық пен бизнес қоғамдастығы үшін ашық есік күндерін өткізу туралы тапсырма берілді.

Сөзін қорытындылай келе, Бекшин Комитеттің халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын, ведомство қызметіне қоғамдастықтың сенімін, қызметкерлердің, ведомствоның аумақтық органдарының құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәдениетін арттыру, Комитеттің сыбайлас жемқорлыққа бағытталуы бойынша құқықтық ақпаратына халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде шаралар қабылданатынын атап өтті.


Источник: Минздрав
25 қазан 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.