» » Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанның «Алиментариус Кодексі» Комиссиясының Еуропалық өңір бойынша үйлестіруші ретіндегі рөлі талқыланды

Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанның «Алиментариус Кодексі» Комиссиясының Еуропалық өңір бойынша үйлестіруші ретіндегі рөлі талқыланды


Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, ҚР Үкіметінің, мемлекеттік органдар, Қазақстандағы ФАО/ДДСҰ өкілдерінің, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен «Алиментариус Кодексі» Комиссиясының Еуропалық өңір бойынша Үйлестіру комитетінің ФАО/ДДСҰ іс-шараларын бірлесіп іске асыру» тақырыбында ұлттық конференция өткізілді. Іс-шарада Қазақстанның «Алиментариус Кодексі» Комиссиясының Еуропалық өңір бойынша үйлестіруші ретіндегі рөлі талқыланды.

Конференция жұмысының барысында қатысушылар елдің экспорттық әлеуетін арттыру, отандық өнімді әлемдік нарыққа жылжыту және халықаралық жаһандық экономикаға интеграциялау, сондай-ақ бизнесті барынша қолайлы жүргізу үшін тағамдық стандарттарды үйлестіру және қолдану бөлігінде Кодекстің құралдарын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Алиментариус Кодексі» стандарттары тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету және тамақ өнімдерінің адал халықаралық саудасын дамыту қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасының бұзылуы денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қосымша шығындарына, жаппай инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға және халық өмірі сапасының жалпы төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Қазақстан Женевада (Швейцария) Алиментариус Кодексі Комиссиясының 40-шы сессиясында 2018-2019 жылдарға Алиментариус Кодексі Комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ Үйлестіру комитетінің жаңа өңірлік үйлестірушісі болып сайланды. Осы халықаралық ұйым мүшесінің мәртебесі елімізге нарықтық қатынастар жағдайларында барынша жоғары бәсекелестік тұрақтылықты, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша халық үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Алиментариус Кодексінің мәселелерінде бүкіл Еуропалық өңір елдерінің мүдделерін жылжытатын Орталық Азиядағы бірінші мемлекет екенін айта кеткен дұрыс. 

Кодекстің тағамдық стандарттары тәуекелдерді бағалау жөніндегі тәуелсіз халықаралық ұйымдардың және ФАО мен ДДСҰ құрған мамандандырылған консультациялық орталықтардың көмегімен ең соңғы ғылыми зерттеулер негізінде әзірленеді.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттерінің бірі инфекциялық емес аурулардың алдын алу болып табылады. Осы проблеманың өзектілігі ДДСҰ-ның 2013-2020 жылдарға арналған инфекциялық емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша жаһандық іс-қимылдар жоспарында және ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 2015-2020 жылдарға арналған тамақ өнімдері мен тамақтану проблемалары саласындағы іс-қимылдар жоспарында көрсетілген. Осы Жоспарларды Кодекстің миссиясымен бірге іске асыру салауатты тамақ өнімдерін, өмірдің барлық кезеңдерінде, әсіресе халықтың анағұрлым осал топтары арасында тамақтанудың теңестірілген рационын тұтынуға жағдай тудыратын ортаны құру бойынша мәселелерді шешуді қамтиды. Оның ішінде одан әрі салауатты тамақтану рационын жасау, эпидқадағалауды күшейту, мониторинг, бағалау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайту.

Бүгінгі күні әлемде микробқа қарсы препараттарға резистенттілік проблемасы бар. Осыған байланысты Қазақстан осы бағытта жұмысты жалғастыруда, атап айтқанда антибиотиктер санын қолдануды қысқарту және жол берілетін шоғырлануды мониторингілеу бойынша ұстанымын сақтап қалады. 

Жалпы Еуропалық комитеттің үйлестіруші елі рөліндегі міндеттерді орындау республиканың халықаралық интеграциялық процесте тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыруға және Қазақстанның халықаралық құқық нормаларына сәйкес сауданы жүргізетін қолайлы инвестициялық климаты бар ел ретіндегі ұстанымды нығайтуға мүмкіндік береді.

         Анықтама үшін: Кодекс ФАО/ДДСҰ-ның бірлескен үкіметаралық органы болып табылады және құрамында әлемнің 6 географиялық өңіріне бөлінген 187 мүше ел, ЕО мүшесі 1 ел бар.  Кодекс өңірлік қағидат бойынша 6 үйлестіру комитеттен тұрады (Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдері, Латын Америкасы және Кариб өңірі, Солтүстік Америка елдері). Кодекстің миссиясын іске асыру үшін жалпы мәселелер және тауарлар бойынша 17 комитет, Микробқа қарсы тұрақтылық бойынша арнайы үкіметаралық жұмыс тобы және ғылыми-зерттеу базасы жұмыс істейді. 

Қазақстан 2003 жылдан бастап Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ  Үйлестіру комитетінің (бұдан әрі – Еуропалық комитет) мүшесі болып табылады, оның құрамына Еуропалық өңірдің және Орталық Азияның 52 елі кіреді.

1965 жылы Еуропалық комитет құрылған сәттен бастап 53 жыл ішінде Австрия, Польша, Словакия, Швеция, Швейцария және Нидерланд Корольдігі сияқты елдер үйлестірушісі болған.


Источник: ​Минздрав РК​​​
27 қазан 2017 г.
  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.