» Біздің миссиямыз

Біздің миссиямыз

Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының

 сапа жөніндегі саясаты


Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы, Қазақстанда медициналық қызмет көрсету аясында бірден-бір алдыңғы қатарды бола отырып, халықаралық  ISO 9001:2015 стандарты принциптерін енгізу негізінде тұтынушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсетуде олардың күткеніндей өзінің жағдайын нығайтуға мүдделі болып отыр.

Біздің миссиямыз – Барлығы Сіздің денсаулығыңыз үшін.

         Стратегиямыз – алдыңғы қатарлы озық медициналық технологияларды қолдана отырып жоғарғы сапалы медициналық қызмет көрсету.

         Стратегиялық мақсаттарға жету үшін сапа жүйесін жетілдірудің  келесі негізгі бағыттары ұсынылады:

         • қазіргі замануи медициналық қызметті көрсетіп отырған ұйымға  мақсатын айқындап белгілеу

         • тәуекелдерді нақтылап және сапа бойынша мақсаттарға жету үшін мүмкіндіктерді анықтау

         • алдын-алу және жөндеу іс-әрекеттерін уақытылы орындау үшін жұмыстарды нақтылы, жүйелі түрде жоспарлау және тиімді бақылауға барлық қызметкерлерді кірістіру;

         • тұтынушыларға көрсетілген қызмет сапасының жоғарылатуға қанағаттанғандығына сараптама жасау.

         Орталық басшылығы сапа менеджментін жетілдірудегі жұмыстардың ресурстарын қамтамасыз етуде тиімді ақпараттық технологияларды қолданып келесі міндеттерді шешуге міндеттеме алады:

         • өмірлік циклдардың барлық кезеңдерінде медициналық қызмет көрсетудегі қажетті құзырлықты қолдау және фактілер негізінде шешім қабылдау;

         • медициналық қызмет көсетудегі инновациялық  технологияларды жылжыту аймағында бизнес -әріптестермен және жабдықтаушылармен сенімді қарым-қатынастар құру;

         • қызметті уақытылы және сапалы кепілді түрде орындау;

         • әрбір жұмыс орнында сапалы қызметке жауаптылық және құжаттарды басқару.

  Басқару принциптері үздіксіз мониторинге  ұшырайды және жүйелі түрде

сарапталады, ал қажетті жағдайда сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі жақсарту мақсатында жөнделіп отырады.

  • Нақты қадам
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30

Copyright © 2017 «Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.